
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде әртүрлі өндірістерді ашу мүмкіндігін кәсіпкерлердің қарастыруын ұсынамын», — деп атап өтті Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында
Аталған тапсырманы іске асыру мақсатында 2025 жылғы 9 шілдеде РММ «№39 мекемесінде» Жітіқара ауданы прокуратурасымен бірлесіп жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шараға қала құраушы ірі кәсіпорындар – «Қостанай минералдары» АҚ мен «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС-нің өкілдері шақырылды.
Кездесу барысында қонақтарға өндірістік цехтар орналастыруға қолайлы бос үй-жайлар таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды. №39 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Еркен Миржановтың айтуынша, колония аумағында өндіріс ашу – сотталған азаматтардың еңбекпен қамтылуына, азаматтық-құқықтық талаптар бойынша берешектерін өтеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар өндіріс арқылы мамандық меңгеріп, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуге дайын болады.
Кәсіпорын өкілдері ұсынылған бастамаға қызығушылық танытып, мекеме басшылығымен бірлесіп, өзара тиімді серіктестіктің мүмкін форматтарын, соның ішінде дайын өнім шығаруды талқылауға келісті.
Бұл кездесу – қылмыстық-атқару жүйесінің әлеуетін тиімді пайдалану, қоғамға қайта бейімдеу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31