Кейіпкеріміз әскери қызметші болса да, ой әлемінде еркін ақын
Халқымыз қанша қиындық көрсе де бір қастерлісінен айырылмаған, ол – сөз өнері. Күйбен тірлікті өнегелі өлең-сөзбен сипаттай жүреді. Сөз демекші, ел арасында жігітің бойындағы алуан өнерді сынап көрмеке айтылған «жігітке жеті өнер де аз» деген қуатты нақылы бар.
Атқа шауып, домбыра шертіп, сөзге беріктігі, бойында батылдығы, жүректе иманы мен білімде жиғаны болса – жігіттің төресі дегеніміз сол болар.
Сөздің сыры мен сымбатын келістіре айта білген халық ішінде сөз зергерлері аз емес. Кейіпкеріміз әскери қызметпен бірге бірнеше өнерді қатар алып, ұштастыра білген жан.
Әскери қызметшінің ахуалы бәріміге белгілі. Темірдей тәртіп, онды-солды артық қадам жоқ. Алайда, Манарбек Қарекенов ой әлемінде еркін.
Қолға қаламды бесіншіде оқып жүрген уақытта ұстап, алғашы өлеңді анасы арнады. Жазған өлеңдердің ауқымы кеңейіп, мағынасы артып ел-жер, таным-тағылым хақында жаза бастады.
– Біріншіден, әскери қызмет пен поэзияның байланысы жоқ дегенмен келіспеймін. Адамда жалғыз жүрек, сол жұдырықтай бүлкілге, күллі дүниені сыйғызуың керексің. Оның ішіне, Отаның, халқың, әулетің, жанұяң деген сияқты. Әскери қызмет жұмысың, ал өнерің ол өзіңе берліген дарын. Әр адам саналы түрде өзінің кімге парыздар екенін ұғынып, парызын өтегісі келеді ғой. Мен де әскери қызмет арқылы елімнің алдындағы парызымды өткеп жүрген пендемін. Ал ақындық ол бөлек әлем. Ол жаққа мені құштарлық жетелейді. Халқымызда сөз өнері қонған әрі ақын, әрі батырлар аз емес. Оның бір Махамбет пен Сырымдар. Сондықтан да әскери өмір мен ақындықты қатар алып жүр деу халық үшін жаңалық емес деп ойлаймын. Үйіме келгенде, мен офицер емеспін, жанұямның отағасымын, балаларымның әкесімін. Өмір театр деп бекер айтпаған ғой, әр адам өзіне берліген рөлден шатаспауы керек, – дейді Манарбек Қарекенов.
Мәкең, өлең жазуда көлем қумайды. Ойға келген орамды өлеңдерді саралап сараптап, келген шабытты шарықтау шегіне жеткізіп барып қағаз бетіне түсіреді.
– Ақын қолға қалам алған кезде өзінің шабытын, келген сезімді ой елегінен өткізіп, ұнамды дәрежеде, толық пішінде жеткізу керек. Ол сәтте өзіңе сыни тұрғыдан қарап өлең жазудың өзі бір дәреже. Өлең жазуға да тек әскери өмірімді бірден байланыстырып жібердім деп айта алмаймын. Әскери қызметке келмес бұрын қазақ тілі мен әдебиеті, араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығын бітірдім. Батыс Қазақстан облысындағы «Орал өңірі» газетінде бір жылдың үстінде тілші болып жұмыс жасадым. Мамандығым бойынша да әдебиеттен алыс емеспін. Сол жақындықты беріп ұстап, әскери қызметте те байланыстырып жүрген жайым бар. Қазіргі кезде өлеңдерімнің дені, отансүйгіштіке баулу, әскери қызметке шақыру, мемлекеттік шекараны берік күзетіп тұрған жауынгерлер қызметін өлеңмен паш ету тұрғысында, – дейді кейіпкер.
Ақындар арасында өзі көзбен көрмеген, алайда әдеиеттен шығармаларын оқып-білу арқылы талантына бас ию үрдісі қалыптасқан. Мәкең де әдебиеттегі ұстазы деп Қадыр Мырза-Әліні санайды.
– Қадыр Мырза-Әлінің өлеңдері маған тақырыбының ауқымдылығымен ұнайды. Қазақта «тал бесіктен – жер бесікке дейін» деген сөз бар. Оның өлеңдері тақырыптың алуандылығы жағынан таңқалдырады. Оның жазған өлеңі әр қазақтың басынан өтіп жатқан өмір. Өлеңдерінің пішіні мен қатар салмақтылығы басым. Ағамыздың өлеңдері сезімнен емес, ойдан құралған деуге болады. Қазақтың қадірлі сөздерінің барлығын Қадыр Мырза-Әліден табуға болады. Өлең жазу үшін де сабырлық керек. Қазір бұл қасиет біразының бойынан табыла бермейді. Жазған өлеңдер сапалы болуы үшін де, кітап көп оқыған жөн. Өз басым қиындау тақырыпқа отырған кезде, сол тақырыптың айналасындағы шығармаларды бір қарап шығамын. Ақын өлең жазғанда ойдың тереңдігі және сөз байлығы, пішіні, мазмұны анық көрінсе, бұл жемісті туынды болғаны. Содан соң, өлеңдегі қарапайымдылық. Бірақ ақынның бір өлеңінің өзін әр оқырман әртүрлі қабылдайды. Үлкендердің кішіге көңілі толмауы, қайрау үшін, намысын ояту үшін шығар деп ойлаймын. Жастық шақ – өмірге деген ой қалыптаспаған уақыт болып есептеледі. Дегенмен жастардың ішінде де ойын айшықты жеткізетін ақын ұл-қыздарымыз да жоқ емес. Қостанайға келгелі бері, Нұрқанат Құлабаев, Абылай Мауданов, Жандос Жүсіпбек, Дәулет Жадырасын сынды ақын аға-інілердің өлеңдерімен таныс болдым, – дейді ол.
Бүгінде Мәкең, Дүние таланттары одағының мүшесі, бірнеше халықаралық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. Туған өлкесінде жарық көрген бірнеше өлең жинақтарға жыры еңген және «Қанжар» атты жыр кітабы жарық көрген.
– Ол одаққа қазақ, қырғыз, өзбек ақындары мүше. Жақында құрылғанына бір жылдан асты. Жуық арада алманах жарыққа шығады, онда менің де өлеңім еніп отыр. Түрлі байқаулардан жеңімпаз болдым. Негізі байқау – әр ақынның өз деңгейін айқындау үшін керек, тәжірибе алмасып дегендей. Ол жерде өлең талданады, талқыланады, – дейді Манарбек Қарекенов.
Ақын осы уақытқа дейін 15 шақты әнге сөз жазды. «Нәзік жүрек» атты ән жинағын да жарыққа шығарып үлгерді.
Жерін жанкештілікпен қорғайтын асыл азаматтар көп болғай. Ұлттық құндылықты жоғары қойған ер жігітке ел құрметі қашанда биік. Сөз соңында, тектілігі терең, мырза азаматтар көбейе берсін деп түйіндейміз.
Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Нұржан СМАЙЛОВ
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Важные шаги к справедливости и развитию Казахстана (далее…)
Важные шаги к справедливости и развитию Казахстана (далее…)
This website uses cookies.